Барлық бизнес процестерді жеңілдетеміз және үдетеміз
Скачать приложение

"Бухта" ЖШС. БИН: 140840021970. «Forte Bank» АҚ. ИИК: KZ1796502F0008821885. БИК: IRTYKZKA. Мекенжай: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Керемет ықшам ауданы, 3/1. Тел.: +7 727 346 63 33. Email: hello@buhta.com. Сайт: buhta.com
Ауторлық құқықпен қорғалатын объектілерге мемлекеттік құқықтар тізіміне ақпарат енгізу туралы №6944 куәлік, 10 желтоқсан 2019 ж. 2019 жылы 20 маусымда 233 нөмірімен мемлекеттік БКМ тізіліміне енгізілді.
Барлық дербес деректер «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Заңына сәйкес сақталады және өңделеді.
© 2014—2025, "Бухта" ЖШС, ресми сайт. Барлық құқықтар қорғалған.
Қаржы ・ Инвестиция — баршаға: Бухта номиналы 1000 теңгелік жаңа облигациялар шығарылымын жариялады
.png)
#Қаржы
Жігер Шуданбеков
12 мамыр 2026 ・ 3 мин оқу
Бухта fintech-компаниясы 1 млрд теңгеге облигациялардың екінші шығарылымын іске қосып, инвестициялық құралдарын шын мәнінде баршаға қолжетімді қылды.
Алғашқы орналастыру кезінде бір облигацияның құны 1 млн теңге болды, енді номиналы 1000 теңгеге дейін төмендетілді. Соның арқасында облигациялардан табыс тауып, инвестициялық портфель қалыптастыру мүмкіндігі енді кез келген адамға қолжетімді — бастапқы деңгейдегі жеке инвестордан бастап ірі кәсіпкерге дейін.
Орналастыру шарттары
• Купондық мөлшерлеме: жылына 23%;
• Бір облигацияның номиналы: 1000 теңге;
• Айналым мерзімі: 24 ай;
• Төлемдер жиілігі: жылына 2 рет (жартыжылдық купон);
• Жалпы көлемі: 1 млрд теңге.
Жасалған істерден құралған бедел
Бухта сенімді қарыз алушы мәртебесін дәлелдеген. Биыл 5 наурызда компания алғашқы шығарылым инвесторлары алдындағы міндеттемелерін орындап, купондық сыйақы ретінде 27,2 млн теңгеден астам қаражат төледі.
CEO Асет Нұрпейісов жаңа шығарылым компанияның өсу стратегиясындағы қисынды қадам екенін атап өтті:
«Біз құралдарымызға деген жоғары қызығушылықты байқап жүрміз. Алғашқы шығарылым нарықтың fintech-секторға сенім артатынын көрсетті. Енді облигацияларымызды баршаға қолжетімді етудеміз: 1000 теңгелік кіру шегі жеке тұлғалар үшін барлық кедергіні жояды. Сонымен қатар, 23% кірістілік банк депозиттерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары деңгейде қалып отыр.
Облигациялардың екінші шығарылымы бізге Қазақстанның заманауи қаржылық ортасын одан әрі белсенді дамытуға мүмкіндік береді. Облигацияларымызға құйылған инвестициялар цифрлық шешімдер бизнестің дамуының негізгі драйверіне айналған ортада отандық компаниялардың әлеуетін жүзеге асыруға берік негіз қалыптастырады».
Бұл инвестор үшін неге тиімді?
Жоғары бекітілген мөлшерлемеден бөлек, KASE-дегі облигациялардың тағы бір маңызды артықшылығы бар: олар бойынша кіріс жеке тұлғалар үшін табыс салығынан босатылған. Бұл «таза» кірістілікті басқа қаржы құралдарымен салыстырғанда одан әрі тартымды етеді.
1000 теңгелік төмен номиналдың арқасында инвестор кез келген уақытта қажетті көлемдегі облигацияларды сатып алып, өз капиталын икемді басқара алады.
📞 Қалай сатып алуға болады?
Облигацияларды сатып алу үшін 87784560179 нөмірі арқылы брокерге хабарласып, KASE сауда жүйесінде өтінім рәсімдеңіз.
Таңдаулы