Барлық бизнес процестерді жеңілдетеміз және үдетеміз
Скачать приложение

"Бухта" ЖШС. БИН: 140840021970. «Forte Bank» АҚ. ИИК: KZ1796502F0008821885. БИК: IRTYKZKA. Мекенжай: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Керемет ықшам ауданы, 3/1. Тел.: +7 727 346 63 33. Email: hello@buhta.com. Сайт: buhta.com
Ауторлық құқықпен қорғалатын объектілерге мемлекеттік құқықтар тізіміне ақпарат енгізу туралы №6944 куәлік, 10 желтоқсан 2019 ж. 2019 жылы 20 маусымда 233 нөмірімен мемлекеттік БКМ тізіліміне енгізілді.
Барлық дербес деректер «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Заңына сәйкес сақталады және өңделеді.
© 2014—2025, "Бухта" ЖШС, ресми сайт. Барлық құқықтар қорғалған.
Қаржы ・ Облигациялар vs депозиттер: Қазақстандағы жеке инвесторлардың таңдауы қалай өзгеруде
.png)
#Қаржы
Жігер Шуданбеков
15 қаңтар 2026 ・ 5 мин оқу
Соңғы жылдары қазақстандықтар жеке қаржысын басқаруға саналырақ қарай бастады. Банктік депозиттер әлі де негізгі жинақтау құралы болып отыр, алайда қаржы нарығы біртіндеп өзгеріп келеді.
Пайыздық мөлшерлемелердің өсуі, нарықтық инфрақұрылымның дамуы және қаржылық сауаттылықтың артуы тәуекел деңгейі ұқсас, бірақ табыстылығы жоғары құрал ретінде облигацияларға деген қызығушылықты арттырып отыр. Бұл үрдіс нарықтық статистикадан да көрінеді: 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында KASE биржасындағы корпоративтік облигациялармен сауда көлемі 4 984,5 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,7%-ға өсті.
Осылайша облигациялар депозиттерге тиімді қосымша әрі инвестициялық құралдардың кең ауқымына өтудегі аралық шешім ретінде жиі қарастырыла бастады.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергеннен кейін екінші деңгейлі банктер депозиттер бойынша табыстылықты жылдық 20%-ға дейін арттырды.
Салымшылар үшін бұл инфляция ~12,4% деңгейінде болған жағдайда нақты табыстылықтың сақталуын білдіреді. Сонымен қатар депозиттер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы белгіленген лимиттер аясында қорғалған.
Облигациялар — бұл мерзімі, мөлшерлемесі және тәуекел деңгейі бойынша таңдауы кең қарыздық бағалы қағаздар. Негізінде инвестор эмитентке қаражат береді, ал эмитент оны белгіленген мерзімде пайызымен қайтаруға міндеттеледі.
Бүгінде Қазақстанда облигацияларды кез келген адам сатып ала алады:
• барлық бағалы қағаздар биржада сатылады;
• нарыққа ~20 лицензияланған брокер арқылы кіруге болады;
• сайт немесе мобильді қосымша арқылы онлайн сатып алуға болады.
Облигациялар көбіне орта мерзімді стратегияға арналған құрал ретінде қарастырылады: 1 жылдан 5 жылға дейін. Әдетте бұл базалық өнімдерді меңгерген, енді қаржы нарығына тереңірек үңілуге дайын инвесторлардың таңдауы. Облигацияларды Қаржы министрлігі, Ұлттық банк сияқты мемлекеттік құрылымдар да, «Бухта» секілді жеке компаниялар да шығарады.
Облигациялардың басты артықшылықтарының бірі — жоғары табыстылық.
• Қазақстанда депозиттер бүгінде орта есеппен жылдық 13-20% табыс әкеледі, ал ең жоғары мөлшерлемелер, әдетте, қаражатты шешуге қатаң шектеулермен ұсынылады.
• Ал нарықтағы корпоративтік облигациялар жылдық 13-25% табыстылық бере алады және мөлшерлеме көбіне облигацияның бүкіл айналым мерзіміне бекітіледі.
Бұл инвестордың болашақта базалық мөлшерлеме қалай өзгерсе де, өз табысын алдын ала нақты білуіне мүмкіндік береді.
Қазақстанда облигациялар бойынша алынған табысқа жеке табыс салығы салынбайды. Бұл депозиттер бойынша пайыздар мен акциялар дивидендтерінен өзгеше. Ұзақ мерзімді кезеңде салық факторы, әсіресе ірі инвестициялар кезінде, қаржылық нәтижеге елеулі әсер етуі мүмкін.
Облигациялар бастапқыдан-ақ нақты кестеге негізделеді:
• купон мөлшерлемесі бекітілген;
• төлем күндері алдын ала белгілі;
• номиналды қайтарудың нақты мерзімі бар.
Айнымалы мөлшерлемесі бар депозиттерден айырмашылығы — мұнда реттеушінің болашақ шешімдеріне немесе банктің стратегиясына тәуелділік жоқ. Эмитент банкрот болған жағдайдан басқа кезде табыстылық кепілдендірілген. Сондықтан облигация таңдағанда компанияны мұқият талдау маңызды.
Облигациялар биржада саудаланады, яғни:
• оларды өтеу мерзімі аяқталмай тұрып сатуға болады;
• инвестор шығу уақытын өзі таңдайды;
• жинақтаушы депозиттерді мерзімінен бұрын бұзғандағыдай айыппұл немесе табысты жоғалту қаупі жоқ.
Депозиттер де, облигациялар да мұқият көзқарасты талап етеді. Егер салым салғанда банктің тұрақтылығы мен шарттарын бағалау маңызды болса, облигация сатып алғанда мына әрекеттерді жасау қажет:
• эмитенттің қаржылық көрсеткіштерін зерттеу;
• оның бизнес-моделі мен беделін талдау;
• табыстың қалай қалыптасатынын түсіну;
• тек лицензияланған брокерлерді пайдаланып, олардың сайттары мен қосымшаларының түпнұсқалығын тексеру.
Соңында — біздің облигация шығарылымы туралы қысқаша:
• Облигациялар бойынша купондық мөлшерлеме — 25%
• Бір облигацияның құны — 1 млн теңге
• Купон бойынша төлемдер жылына 2 рет
• Орналастыру мерзімі — 2 жыл
«Бухта» облигациялары теңгедегі жоғары табыстылығы бар, түсінікті әрі ашық құрал іздейтін, валюталық бағамдардың ауытқуын қадағалауға уақыт бөлгісі келмейтін инвесторларға лайық. Қазақстандағы инвесторлардың басым бөлігі табысы жоғары теңгелік құралдарды таңдайды.
Облигацияларды орналастырудан тартылған қаражат компания тарапынан шағын және орта бизнеске арналған қаржылық сервистерді дамытуға, соның ішінде несие бері және жаңа IT-өнімдерді дамытуға бағытталады.
📞 Облигацияларды сатып алу үшін 87784560179 нөмірі арқылы брокерге хабарласып, өтінім қалдырыңыз.
Таңдаулы